Еліміздің кей өңірінде ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің біраз өңірін қалың тұман басып, желдің екпіні күшейеді.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты 7 аймаққа дауылды ескерту жарияланды. Атап айтқанда, Маңғыстау мен Атырау облыстарында желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жетеді. Дәл осындай жағдай Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында да байқалады. «Ақмола облысының біраз бөлігінде тұман болады», - дейді синоптиктер. Соған сәйкес, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті