Еліміздің екі облысында күн райы күрт бұзылады

Синоптиктер республиканың екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 21 қаңтарда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыс орталығында жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстік, батыс және таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.