8 октября 2022 г. 18:53

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото:

Еліміздің кей өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды..

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» РМК еліміздің жеті облысында бүгін қатты жел болатынын болжады. Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, сондай-ақ Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.  Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады. Түнде Қостанай облысының шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі .

Тегтер: