Еліміздің біраз бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Осыған байланысты 12 өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Тұман болады. Салдарынан жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Қарағанды мен Ақмлода облысында да осыған ұқсас жағдай орын алады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп күтіліп отыр. Еліміздің батыс аймақтарында, атап айтқанда Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жел күшейеді, тұман басады және көктайғақ болады дейді синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады