«Еліміздің билігінде монополия болмайды» – Тоқаев
Кезектен тыс президент сайлауында дауыс берген Қасым-Жомарт Тоқаев тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп жазды Stan.kz
Алматы, NEGE. Айта кетейік, мемлекет басшысы Астанада Оқушылар сарайындағы сайлау учаскесінде дауыс берген. Дауыс берген соң ол журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Президент сұрақ-жауап барысында Қазақстанда билікте ешқандай монополия болмайтынын атап өтті.
"Жеті жыл президенттік мерзім үшін жеткілікті. 21 жыл ішінде Қазақстанда 3 президент болады", – деді.