6 июля 2023 г. 10:21
Еліміздің батысында ауа ластануы деңгейі жоғарылайды
Бейсенбі, 6 шілдеде синоптиктер Қазақстанның батысындағы екі қалада атмосферадағы зиянды заттардың деңгейі жоғарылайды деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Қазгидрометтің ауа райы болжамына сәйкес, 6 шілдеде Атырау мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.
Қазақстанның басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Мұндай ауа-райында дәрігерлер әсіресе денсаулығында проблемалары бар адамдарға белгілі бір ережелерді сақтауды ұсынады.