Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет елімізде 3 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклон жырасының әсерінен Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. 

«Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Қазақстан бойынша желдің күшеюі, солтүстік, батыс, шығыс, орталығында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік, батыс, орталығында - тұман, Түркістан облысының күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.