Еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылады
Қазгидромет кәсіпорны ауа райы болжамын ұсынды.
Алматы, NEGE. Синоптиктер 11 облыста дауылды ескерту жариялап отыр. Ақмола, Қостанай, Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ теріскейде қар аралас жаңбыр жауу мүмкін. Ал Маңғыстау мен Қызылордада жел күшейеді. Шығыс және Батыс Қазақстан мен Қарағандыны қою тұман басады. Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады деп болжануда.