Еліміздің алты облысында ескерту жарияланды

Еліміздің алты облысында ескерту жарияланды.

 Алматы, NEGE. Елімізде алты облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 8 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Көкшетауда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 Нұр-Сұлтан қаласында ертең көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

8 қарашада Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. 9 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғаду. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Петропавлда ертең көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. 8 қарашада Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде екпіні 18 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған