Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау облысы Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау қаласында күндіз 26 сәуірде найзағай күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысы Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында 26 сәуірде кей уақыттарда тұман күтіледі. Қостанай облысы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз 26 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысы Күндіз 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 26 сәуірде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды