Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 6 өңірінде ауа температурасы төмендейді.

Алматы, NEGE. Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабаралайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын болады. Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

20 желтоқсанға қараған түні Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

20 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман түсуі ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды