Еліміздің 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 маусымда еліміздің 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. 21 маусымда тәулік бойы кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі бар.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдығы 15-20 м/с жетеді. Өңірде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, болып күн 38 градусқа дейін ысиды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар ұзағырақ өмір сүре бастады – Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан тәулігіне рекордтық 1,5 млн баррель мұнай өндіруі мүмкін

Жақсылық Омарға рақымшылық жасалмайды – прокуратура

Ақмола облысында бөгет жарылды