Еліміздің 4 өңірінде жолдар жабылды

Төрт облыста республикалық маңызы бар 5 автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Алматы, NEGE. Оған аяз, жауын-шашын, боран мен екпінді жел себеп болды.

      Атырау облысында — 1 учаске (84 км)

—  «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» а/ж 126-210 км, Құлсары қаласы — Маңғыстау облысы шекарасы.

   Жамбыл облысында — 1 учаске (95 км)

—  «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж, Кенен ауылы — Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы). 

   Жетісу облысында — 1 учаске (100 км)

— «Үшарал — Достық» а/ж, Көктұма стансасы — Достық стансасы, 100 км.

    Маңғыстау облысында — 2 учаске (515 км)

—  «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» а/ж 210-640 км, Атырау облысы шекарасы — Шетпе ауылы.

— «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» а/ж 0-85 км, Бейнеу ауылы — Өзбекстан шекарасы.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 344 техника жұмылдырылған. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді