Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел екпіні күшейіп, көктайғақ болады.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды. Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қолайсыз күн райы күтілуде. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді. Еліміздің батыс айматарында көктайғақ болады. Қалың тұманнан жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. «Ал, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді», - дейді синоптиктер. Дәл осындай жағдай Қарағанды облысында да байқалады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты