19 сентября 2022 г. 15:37
Еліміздегі «Нұр-Сұлтан» сөзі бар маңдайшалар өзгертіліп жатыр
«Қазавтожол» дерегі бойынша, ел астанасының атауы өзгеруіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар бойында 467 ақпараттық маңдайшаны ауыстыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Informburo.kz.
Алматы, NEGE. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан сөзі бар 100-ге жуық белгі алынып тасталды.
«Ақпараттық панноларды ауыстыру Республикалық маңызы бар жолдарды ұстауға жыл сайын бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады», — делінген компания хабарламасында.