11 сентября 2023 г. 9:52

Елімізде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу басталды

Фото:

«Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қазақстандық республикалық азаматтық қорғау қызметтерінен басқа, түркі мемлекеттері ұйымы елдері: Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан төтенше ведомстволарының авариялық-құтқару қызметтері қатысады.

Алматы, NEGE. Құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын әзірлеу мен үйлестіруге арналған республикалық штаб Алматы қаласында орналасқан.

Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылға дайындық деңгейін, жалпы қауіпсіздік мәдениетін арттыру, қала тұрғындарын төтенше жағдайларда әрекет етуге үйрету.

Сейсмикалық қауіпті өңірлердің тұрғындарымен сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. Тұрғындардың белсенді қатысуын сұраймыз.

«Жер-2023» оқу-жаттығу екі күнге созылады.

Тегтер: