Елімізде жаңа партиялар пайда болады
Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. «Партиялық және сайлау жүйесінің реформасы сайлау процестеріне барлық азаматтың қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Барша электоралды ландшафтты қамтитын жаңа партиялардың пайда болуы болжанып отыр. Партия тізімдері, сондай-ақ бір мандатты округтар бойынша кандидаттарды сайлау Қазақстанның этникалық әралуандығын нақты көрсетеді деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент этникааралық факторды саясиландыруға, бұл тақырыпта залалды әрі арандату пікірталастарына жол бермеу керек екенін атап өтті.