Елімізде жалпыұлттық онлайн-диктант басталды
Елімізде екінші рет ұйымдастырылып жатқан жалпыұлттық онлайн-диктант басталды.
Алматы, NEGE. Жазба жұмысына бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін қатысуға болады. Айта кетсек, диктанттың барлық қатысушылары бағасы көрсетілген атаулы сертификатқа ие болады. Ал жазба жұмысын ең үздік жазып шыққан үш адамның арасында iPhone ойнатылады. Ең басты сыйлық – iPhone 13.
Онлайн-диктант мәтінін тележүргізушілер Мақсат Толықбай, Жанат Бақыт пен Анна Данченко оқиды. Жазба жұмысына белгілі жазушы Бейбіт Сарыбайдың мәтіні таңдалып алынды. Жобаның басты демеушісі – Jusan Bank.