Елімізде «Worldskills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионаты басталды

Бүгін Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионатының салтанатты ашылуы өтеді. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 22 жасқа дейінгі аралықтағы 545 маман және 520 сарапшы қатысады.

Астана, NEGE. Сайыстың үш күнінде, яғни 23-25 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында колледж студенттері 30 құзырет бойынша өз шеберліктерін ортаға салады. Олардың ішінде кірпіш қалау, кузов жөндеу, бастауыш сыныптарға сабақ беру, бизнеске арналған IT шешімдер, қонақүйдің қабылдаушысы, аспаздық, шаштараз және т.б. бар.

Республикалық чемпионаттың қатысушыларын марапаттау рәсімі 27 қарашада өтеді. Жеңімпаздар келесі жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында Қазақстанның атынан қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты