Елімізде вакцинация паспортының жаңа нұсқасы пайда болады

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді. Онда электрон "вакцинация паспортының" жаңа нұсқасы ұсынылды.

Алматы, NEGE.  Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп eGov mobile мобильдік қосымшасының "цифрлық құжаттар" сервисінде электрон "вакцинация паспортының" жаңа нұсқасын ұсынды.

Вакцинацияның барлық кезеңінен өткеннен кейін тұрғындарға 3 тілде қолжетімді электрон құжат беріледі.

"Электрон құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі QR-кодты ұсына алады, бұл құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі. Кодты сканерлеу кезінде пациенттің вакцинациядан өткені туралы дербес деректердің таралуын қорғау мақсатында анықтамадағы деректер жасырылған (деректердің бір бөлігі *белгіленген) пациенттің вакцинациясы туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны пайдаланушы мессенджерлер арқылы электрон құжатымен бөлісе алады.

"EGOV mobile мобильдік қосымшасының "цифрлық құжаттар" сервисінде орналастырылған вакцинацияның электрон паспортын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адам вакцина алғанын растау үшін медицина қызметкері медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінен басып шығарған қағаз анықтаманы ұсыну мүмкіндігі бар", - делінген ведомство хабарламады.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады