Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді
Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі анықталды.
Алматы, NEGE. Биылғы жылдың 30 шілдесінде ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері қаржы (инвестициялық) пирамидасын ұйымдастыру фактісін анықтады.
Қылмыстық схема тұтынушы кооперативіндегі азаматтардың табысын жинап, көпшіліктен жиналған ақша есебінен кейбірінің көп ақшаға кеңелуін қарастырады (кіріс жарнасы - 180 мың теңге), деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің ҚҚК.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.