Елімізде Pfizer вакцинасын кімдер таңдай алады?

Медициналық қызметкерлер коронавирусқа қарсы ревакцинация кезінде «Комирнати», яғни Pfizer екпесін таңдай алады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы мемлекеттің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қалусында жазылған. Құжатқа сай жасы алпыстан асқан азаматтарға да ревакцинация кезінде екпенің осы түрін таңдауға рұқсат етілген. Айта кету керек, Ковид-19-ға қарсы ревакцинацияны елдің әрбір азаматы жасата алады. Сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқанына үш айдан асқан шетелдіктердің де екпені алуына мүмкіндік бар. Ревакцинацияға екпенің алғашқы курсын алғанына 6 ай өткен азаматтар жүгіне алады.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді