Елімізде Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау басталды
Қазақстанда жексенбі күні Парламент мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлау басталды. Сайлау учаскелерінің көбі таңғы сағат 7:00-де ашылды.
Алматы, NEGE.19 наурызда Астана уақыты бойынша 20:00-ге дейін 12 миллионнан астам азамат дауыс бере алады.
Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы – бірмандатты округтерден сайланады. Үміткерлер сайлауға партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан қатыса алады және өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік алады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына депутаттардың 50 пайызы мажоритарлы жүйе бойынша, ал қалған 50 пайызы – партиялық тізімдер бойынша сайланбақ. Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толық мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Мажоритарлық жүйе – саяси партиялар емес, нақты жеке тұлғалар дауысқа түсетін әдіс.
2023 жылғы Мәжіліс депутаттары сайлауына жеті саяси партия жіберілді, солардың ішінен сайлауға 283 кандидат түсіп жатыр.
Бір мандатты округтер бойынша 435 кандидат бар, олардың аты-жөні басқа бюллетеньдерге енгізілген, әр округтің өз кандидаттары бекітілген.
Дауыс беруге арналған бюллетеньге партия атаулары жеребе бойынша белгіленген тәртіппен енгізіледі.