16 августа 2023 г. 12:56

Елімізде оқушылардың міндетті мектеп формасына өзгеріс енгізілді

Фото:

Оқушыларға енді поло жейде, тенниска, водолазка, тоқыма жемпір мен кардиган киюге рұқсат етіледі. Ал галстук тағу міндетті емес.

Алматы, NEGE. Мектеп формалары күнделікті, мерекелік шараларға арналған және спорттық болып үшке бөлінеді. Ал ер балаларға сабаққа пиджак, жилет, жейде және түймелері бар жемпір, шалбар киюге болады.

Қыста тоқыма жилет пен водолазкаға рұқсат беріледі. Сондай-ақ, қыздарға да пиджак, жилет, шалбар, юбка, тоқыма жейде мен кардиган киюге рұқсат. Ал салқын күндері мектепке водолазка, сарафан киіп бара алады.

Ескере кететін жай, мектеп формалары классикалық үлгіде болуы керек.

Тегтер: