Елімізде неше жеңіл көлік бар?

2019 жылдың 11 айында елімізде 806 мыңнан астам жеңіл көлік тіркелді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті.

Алматы, NEGE. «2019 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасында 806 842 жеңіл автомобиль тіркеліп, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,7 пайызға азайды. Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 768,7 мыңды құрады», - делінген комитет ақпаратында. Ведомство ақпаратына қарағанда, өткен жылдың 11 айында 21 690 адам зардап шеккен 14 835 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 2018 жылдың 11 қаңтар-қарашасымен салыстырғанда апат деңгейі 4,2 пайызға артқан. 2019 жылғы 1 желтоқсанда жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 26,9 млрд теңге сомасына 68 356 сақтандыру төлемі жүзеге асырылған7

Қазір оқып жатыр

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған