23 октября 2022 г. 10:12

Елімізде нәресте өлімі азайды

Фото:

Республикада жарты жылда бір жасқа дейінгі 1,6 мың бала  шетінеп кеткен. Көрсеткіш 2,3%-ға төмендеді, деп хабарлайды Finprom.kz.

Алматы, NEGE.  Қазақстандағы нәресте өлімі бойынша жүргізген талдауға сәйкес, ел өңірлері арасында сәби өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкентте тіркелген, сондай-ақ Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.

«Ең төменгі көрсеткіштер Ақмола (1000 туылғанға - 4,9), Түркістан (1000 туылғанға - 6,1) және Павлодар (1000 туылғанға - 6,7) облыстарында байқалды», - деп жазылған ақпаратта. 

Бір жасқа дейінгі балалар  көбінесе перинаталдық кезеңде болатын жағдайларға байланысты қайтыс болған. Сондай-ақ қайғылы жағдайлардың себептеріне туа біткен ауытқулар, жұқпалы және паразиттік, тыныс алу органдарының аурулары, жазатайым оқиғалар, уланулар және жарақаттар  жатады. 

Өлім санының азайғанына қарамастан, Қазақстанда нәресте өлімі коэффиценті 1000 туылғанға шаққанда 7,8-ден 8,3-ке дейін өскен. 

Тегтер: