Елімізде мұнай өнімдерін экспорттауға шектеу енгізіледі

Қазақстанда бірнеше ведомство "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін экспорттаудың кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрық дайындады, оны Энергетика министрлігі  қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жариялады.

Алматы, NEGE. Құжатта техникалық шарттарға сәйкес орнатылған автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлік құралымен әкетуге тыйым салуға жататын қоса берілген тауарлар тізбесі бекітілген.

Атап айтқанда, тізімге мыналар кірді:

  • битуминозды жыныстардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері;
  • табиғи газ конденсаты;
  • шикі жыныстардан басқа, битуминозды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері;
  • пайдаланылған мұнай өнімдері;
  • бензиннің кейбір түрлері;
  • дизель отыны;
  • мазуттар және майлау материалдары.

Бұйрықты орындау ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ Шекара қызметіне және Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген.

Құжатты қоғамдық талқылау 19 наурызда аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті