Елімізде күнтізбеге екі жаңа мереке енгізілмек

Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізетін үкімет қаулысы дайындалды.

Алматы, NEGE. Мерекелердің тізіміне екі жаңа күн енгізу ұсынылады:

  • Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг органдарының күні - 28 қаңтар;
  • Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан. 

Құжат ағымдағы жылдың 28 желтоқсанына дейін талқыланады.