Елімізде күн жылынады

4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алматы, NEGE. Қазгидромет мәліметінше, жауын-шашын және температураның жоғарылауы күтіледі. Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстан аумағына ығысады.

Ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, тіпті солтүстік аймақтарда қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ, тұман және бүкіл ел аумағында күн жылынады.