Елімізде күн суытады

Елімізде боран соғап, жел күшейеді деп күтіледі,

деп хабарлайды «Қазгидромет». 

Алматы, NEGE. «Қазақстанның оңтүстік облыстарына жылжыған циклонмен жауын-шашын, көбінесе жылбысқы қар түрінде, тұман, көктайғақ және ауа температурасының аздаған төмендеуі күтіледі. Ал республиканың басқа аймақтары Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, батыстан екпінде жел және ауа температурасының төмендеуі болжануда», – деп атап өтті синоптиктер.

Суытуға қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады, тек оңтүстікте және шығыста орташа климаттық норма жақын ауа температурасы күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен