Елімізде күн одан сайын суытады

Алматы, NEGE.

5-7 қазан аралығында ел аумағында ауа райы суытады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік- батыс антициклонның ықпалында болады.

Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы циклонға байланысты болады.

Сондықтан мұнда жаңбыр мен қар жауады. 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.

Жауын-шашынмен бірге тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі.

Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы - 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта - 5-10 аязға дейін, шығыста - 3-11 аязға дейін төмендейді.

Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады