Елімізде коронавирустен 74 бала емделіп жатыр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4 қазандағы жағдай бойынша коронавируспен ауырғандар туралы ақпаратты жариялады.
Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 229 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 жеткіншек бала бар. Стационарларда 1774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 85 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген хабарламада.