Елімізде коронавирустан көз жұмған науқастар саны күрт азайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Алматы, NEGE.  Оған сәйкес, 29 қазан күні Қазақстан аумағында 17 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында - 3 науқастан.

Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында - 2, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Тек Шымкент қаласы мен Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.