Елімізде қоғамдық қауіпсіздік күшейтілді
Ішкі істер министрлігі “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Тәртіпті сақтау шарасына 18 мыңнан астам полиция қызметкері мен әскери қызметші жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар24».
Астана, NEGE. Жедел-профилактикалық жұмыстары барысында, полиция органдарына тыйым салынған заттарды пайдаланған 540 адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 14 мыңнан астам адам жеткізілді. Айта кеткен жөн, қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту, қылмысқа қарсы іс-қимыл және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс әлі жалғасады.
Айдос Рысбаев, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы:
– Профилактикалық аралау барысында тиісті рәсімдеусіз жалға берілетін 5 мыңға жуық пәтер анықталды. “Заңсыз” санаты бойынша есепте тұрған 62 адам анықталды. Жол жүрісін қадағалау кезінде 900-ге жуық жылдамдық режимін сақтамау дерегі, мас күйінде көлікті басқарудың 120-дан астам дерегі анықталды. 2 мың жаяу жүргінші жол жүрісі қағидаларын бұзған.