Елімізде қыстың соңы аязға ұласады

Қыстың соңғы күндері елімізде қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді.

Алматы, NEGE. Әсіресе онтүстік өңірлерде, оның ішінде Жамбыл мен Алматы облысында жауын болады. Артынша аяз күшейіп, сынап бағанасы кей жерлерде минус 23 гардусқа дейін төмендейді. Ал желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді. Қызылорда мен Маңғыстау аймақтарында да сынап бағанасы күрт төмендеп, минус 15-20, кей жерлерде минус 23 градусты көрсетеді дейді синоптиктер.

Солтүстік өңірлерге де қалың қар түседі. Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, көктайғақ болады. Кей жерлерін тұман басып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Дәл осындай жағдай Шығыс Қазақстан облысында да байқалады. Нұр-Сұлтан қаласында да бүгін боран ұйытқып тұр. Желдің екпіні  секундына 20 метрді құрайды.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты