Елімізде Кавасаки ауруы өршіді ме?

Whatsapp мессенджерінде балалар арасында Кавасаки ауруы таралғаны туралы ақпарат пайда болды. Денсаулық сақтау министрлігі хабарламаны жоққа шығарды, - деп хабарлайды StopFake.

 

Нұр-Сұлтан, NEGE.   Қазақстандық желі қолданушылары арасында тағы бір ақпарат таралды. Бұл жолы өзін дәрігермін деп таныстырған әйел аудио хабарлама арқылы балалар арасында Кавасаки ауруы өршіп тұрғанын айтқан. Хабарламада денесінде бөртпесі бар нәрестелердің суреті болған.

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 жұқтырған балалар арасында Кавасакиге ұқсас синдром немесе мультисистемалық қабыну (MVS) жағдайлары елде шынымен тіркелгенін айтты. Алайда ауру өршіп тұрған жоқ.

"MVS - COVID-19 жұқтырған балаларда кездесетін иммундық көрініс. Синдром коронавирус жұқтырып жазылғанан кейін 4-6 аптада пайда болуы мүмкін. Қазір Кавасакидің өршуі және ұқсас синдром тіркелген жоқ. Бірақ егер коронавирус жұқтырған балалар саны көбейсе, MVS тіркелуі мүмкін. Сондықтан барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтау қажет", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Сонымен қатар мамандар Кавасаки ауруы мен Кавасаки тәрізді синдром бірдей емес екенін айтты. COVID-19-дан жазылғанан кейінгі Кавасаки синдромының дамуы бүкіл әлемде сирек кездеседі. Ал балаларда пайда болған Кавасакиге ұқсас синдром көп жағдайда оңай емделеді.

Еске сала кетейік, былтыр Қазақстанда Кавасакиге ұқсас синдромнан екі бала қайтыс болған еді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін