Елімізде инфляция бірден 12 пайызға өсті

Қазақстанда инфляция 8,7 пайыздан бірден 12 пайызға өсті. Ең алдымен азық-түлік тауарлары қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аcтана, NEGE. Ұлттық статистика бюросы деректеріне қарағанда, 2021 жылғы наурызда инфляция 8,7 пайыз болған. Бюро мәліметі бойынша, 2022 жылғы наурыздың аяғында Қазақстандағы инфляция 12 пайызға дейін өскен.

"2022 жылғы наурызда тұтыну бағаларының индексі өткен аймен салыстырғанда 103,7 пайыз болды. Азық-түлік тауарлары 5,8 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 2,8 пайызға, ақылы қызметтер бағасы 1,4 пайызға өсті", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері тұтыну тауарлары мен қызметтерге баға мен тарифтер 5,2 пайызға, оның ішінде азық-түлік тауарларына - 8,2 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарларға - 3,6 пайызға, ақылы қызметтерге - 2,6 пайызға өсті.

Қазір оқып жатыр

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді

Астанадан үш есе қалып қойды. Айдын Рахымбаев үшін Алматы НЕГЕ қызық емес?

Жұмыссыздарға бизнес бастау үшін мемлекеттен 1,7 млн теңге грант беріледі