Елімізде Халал стандарттары қабылданды
Қазақстанда тамақ өнімдеріне арналған бірыңғай техрегламент бойынша 100 астам зертхана аккредиттелген, олардың 37-сі компоненттердің, оның ішінде шошқа етінің ДНҚ-сын анықтай алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев хабарлады.
Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қабылданған стандарттар түрлі негізделген талаптарды көздейді.
«Мысалы, кез келген түрдегі алкогольге толық тыйым салу сияқты жалпы талаптар бар. Сондай-ақ, өндіріс үшін халал және халал емес өнімдерде әртүрлі өндірістік қуаттарды пайдалану, әр түрлі өндірістік желілер болу керек», - деді Комитет төрағасы баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ Халал туризм стандарттарында үй-жайларға, мейрамханаларға және т.б. қойылатын талаптар қарастырылған.