Елімізде газ қостыру құны арзандауы мүмкін
22 ақпанда үкімет кулуарында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазір тұтынушыларды газға қосу құнын төмендету жөнінде ұсыныстар қарастырылып жатқанын айтты.
Алматы, NEGE. Энергетика министрінің айтуынша, еліміздің кейбір өңірлерінде газға қосылу құны қымбат екені анықталған.
"Қазір QazaqGaz бен жергілікті әкімдіктер бұл мәселені бірлесіп қарастырып жатыр. Газ қостыру құнын төмендету бойынша бірнеше ұсыныстар бар. Бүгін Алматы облысының әкімі қабылданған шаралардың арқасында газға қосылу құнын екі есеге арзандатуға қол жеткізілгенін айтты. Өйткені, шынымен де жоғары баға бар, қазір жолдарын іздестіріп жатырмыз", - деді Болат Ақшолақов.