Елімізде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков еліміздегі дәрілік заттардың қорына қатысты түсінік берді.

Алматы, NEGE. «Еліміздің медициналық ұйымдарын дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында. Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсуіне байланысты маусым айының соңы мен шілде айының басында еліміздің ауруханалары мен провизорлық орталықтарында дәрі-дәрмек тапшылығы болды. Бұл тапшылық бөлшек сауда желісінде көрініс тапты. Осы мақсатта нарықты дәрілік заттармен толықтыру үшін ҚР Үкіметі басқа елдерден 10 млн-нан астам қаптама көлемінде ұшақ борттарымен дәрілік заттардың 50-ден астам атауын жеткізуді ұйымдастырды. Бұл дәрі-дәрмектер аймақтар арасында біркелкі бөлінді», - деді Н. Асылбеков Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол нарыққа әкелуді әрі қолжетімдікті оңайлату үшін министрлік рұқсат беру құжаттарын 1 тәулікке дейін беру рәсімдерін жеңілдеткенін еске салды. «Сонымен қатар, коронавирустың ықтимал екінші толқыны жағдайында өңірлерде сұранысқа ие дәрілік препараттарды сатып алу үшін көтерме дистрибьюторларға қайтарымды негізде қаражат бөлу тұрғысында тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылды. Бұдан басқа, Фармацевтикалық бақылау комитеті өңірлердегі көтерме дистрибьюторларда, бөлшек саудада неғұрлым сұранысқа ие дәрілік заттардың, медициналық заттардың болуына мониторингті тұрақты негізде жүргізіп отыр», - деді комитет өкілі. Осы орайда мониторинг нәтижелерін талдау барысы биылғы 15 шілдеден 9 қарашаға дейін көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларда антибиотиктер 3,9 есе, вирусқа қарсы препараттар 3,2 есе, антикоагулянттар 32 еседен астам, маскалар 2,3 есе және басқа да дәрілік заттар қорының өсуін көрсетті. «Қазіргі кезде дәріханаларда халықтың дәрілік заттарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін препараттар жеткілікті», - деді Асылбеков Нұрлыбек.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған