Елімізде дәретхана қағазы қымбаттады

Азық-түлік бағасы көтерілгенде дәретхана қағазы да қымбаттаған.

Алматы, NEGE. Дәретхана қағазы қымбаттаған аймақтың көшін Жамбыл облысы бастады. Мұнда 12 пайызға дейін өскен. Шығыс Қазақстанда оның құны 10, Атырау облысында 9 пайызға аспандапты.

Сөйтіп биыл дәретхана қағазы орта есеппен 6 пайызға қымбаттап отыр. Жергілікті компаниялар қағаздан жасалған майлық, жайма және дәретхана қағазына деген ішкі нарықтағы сұраныстың 68 пайзын ғана қамтамасыз еткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Есесіне импорт тауарлар 12 мың тоннаға дейін артыпты. 

Жыл басынан бері елімізде 57 миллиард теңгеге жуық қағаз және қағаз өнімдері шығарылған.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ