Елімізде букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Егер сіз телефонды ашсаңыз немесе көшеге шықсаңыз барлық жерде 1xBet, Olimpbet секілді букмекерлік кеңселердің жарнамасын көресіз. Халықаралық тәжірибеде 50 метрге дейін болуы керек. Бұдан әрі сыртқы жарнамалар болмауы тиіс. Осыған байланысты қазір депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, сыртқы жарнамаға тыйым салуды көздеп отырмыз», - деді Тамара Дүйсенова. 

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары сыртқы жарнамаға тыйым салу тек букмекерлік кеңселерге қатысты екенін айтты.

«Букмекерлік ұйымдарды олардың кеңселерінде, спорттық телеарналарда, спорт ғимараттарында және спортшылардың жабдықтарында жарнамалау мәселесі шешіледі. Осылайша жарнаманың төрт түрі қалады. Бұл халықаралық тәжірибе, - деп түсіндірді Дүйсенова. 

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ