Елімізде боранға байланысты 32 жол учаскесі жабылды

Елімізде боранға байланысты 32 жол учаскесі жабық тұр.

Алматы, NEGE. Атап айтсақ, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарынан өтетін бірқатар учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар «Жақсы-Есіл», «Көкшетау-Атбасар», «Жезқазған- Петропавл» жолдарының жекелеген бөліктері жабылды. Күн райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» автожолында да шектеу бар. Қазір бұрқасын салдарынан Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарда да көлік қозғалысы тыйылды. 

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді