Елімізде баспана бағасын тұрақтандыратын жоба жасалып жатыр

«Отбасы банкі» елімізде баспана бағасын тұрақтандыратын жобаны қолға алды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында «Отбасы банкі» басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

«Қазір банк оффтейк келісімшарты бойынша жеке құрылыс салушылармен жұмыс жүргізеді. Жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жеке құрылыс салушылармен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында мемлекеттік қаржыландыруды тартпай ілкі жобаны іске асыру үшін әзірленіп жатыр», - деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша ипотекалық қарызды өтеуге 35 мыңнан астам өтінім, ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға 28 мыңнан астам өтінім, туысқа жинақтарды беруге 20 мыңнан астам өтінім түсті.

2021 жылғы 19 ақпандағы жағдайға сәйкес, зейнетақы қорынан 564 млрд теңге сомасына 98 мың өтінім жіберілді. 145 млрд теңге сомасына 28 мың өтінім жүзеге асты.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды