Елімізде азық-түлік базарлары қалай жұмыс істейді?
Базарлар сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қазақстанда карантин режимінің жеңілдетілуіне байланысты азық-түлік базарлары қалай жұмыс істейтіндігі белгілі болды.
Алматы, NEGE. Базарлардың жұмыс уақыты: 10:00-ден 17:00-ге дейін. Тұрғындар тауар құнын тек қолма-қолсыз ақы (банк картасы, телефондағы қосымшалар) арқылы төлеуі тиіс. Базарға кіреберісте, сауда залдарының холында және дәлізде 50-100 метр сайын, сондай-ақ жеделсатылардың жанында санитайзерлер орнатылуы қажет. Ал кезекте тұрған адамдар саны бестен артық болмауы және олар өзара бір метрлік арақашықтықты сақтауы керек.