Елімізде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді

Елімізде ауа райы суытады.

Алматы, NEGE. Кетіп бара жатқан циклон мен фронтальді бөліктермен, солтүстікте, солтүстік-шығыста жаңбыр, шығыс облысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. 10 қыркүйектен бастап Солтүстік циклонның Қазақстан аумағына ығысуына орай еліміздің басым бөлігінде, таулы аудандарда және оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердің солтүстігінде, найзағай мен бұршақ жауу ықтималдығы бар. Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде 3-11-ден 5-15-ке дейін, күндіз 15-23-тен 20-28-ге дейін.

Солтүстік пен орталыққа келсек, мұнда түндегі негізгі фон 2-13-ті құрайтын болады. Ал 9 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз 15-23-тен 10-20-ға дейін, шығыста негізгі фон түнде 2-16-ға, күндіз 15-25-ке, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 10-18-ден 4-14-ке дейін, күндіз 19-30-дан 15-25-ке дейін жылу болады деп болжануда.

Қазір оқып жатыр

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады