4 сентября 2023 г. 15:31
Елімізде алғаш рет «Джаз кештері» республикалық фестивалі өтеді
«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 63-ші жаңа концерттік маусымын бастайды.
Алматы, NEGE. Жаңа маусым қызықты шараларға толы болмақ.
«Осы концерттік маусымда «GALA OPENING» жобасы аясында 2-5 қыркүйек күндері Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында концерттік шерулер ұйымдастырылады. Бірінші гала концертте дәстүрлі халық музыкасы, классикалық, эстрадалық музыкалардың майталмандары, жас таланттар, ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды», - деді Ұйым директоры Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
3 қыркүйекте, жексенбі күні «Bridge of Times» концерті өтті. Бүгін-ертең алғаш рет «Джаз кештері» республикалық фестивалі ұйымдастырылмақ.