Елімізде алдағы күндері +40 градус ыстық болады

«Қазгидромет» РМК 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.

14 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында жауын жауып, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.

Солтүстік және шығыс аймақтарда температура климаттық бағытына оралды, тіпті ауа температурасы түнде 5 15°C дейін, күндізгі уақытта 17 25 дейін төмендейді.

Еліміздің батысында 13-14 маусымда күндіз өте қатты ысып 40 41°C дейін жоғарылайды.