Елімізде 424 маскүнем, 99 нашақор, 498 қолайсыз отбасы бар

Биыл

4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды.  Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Ішкі істер министрлігі 9 маусымнан бастап «Тұрмыс» республикалық профилактикалық іс-шарасын бастады. Ол отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың жолын кесуге және оларға қарсы тұруға бағытталған. Профилактикалық іс-шараға 7 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылып, мемлекеттік органдар мен қалың көпшілік тартылды», – деді Нұрділдә Ораз. 

Ресми өкілдің айтуынша, 5 күн ішінде есепте тұрған 30 мыңнан астам азаматқа тұрғылықты жерінде құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бұдан бөлек құқық бұзушылық жасауға бейім 5 мың адам, оның ішінде 424 маскүнем, 99 нашақор және 498 қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды. «Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 5 мыңнан астам хабарлама мен тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісіне қатысты шағым тіркелді. Нәтижесінде 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылып, бір қылмыстық іс есепке алынды», – деді ресми өкіл. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті