Елімізде 19 санитарлық бекет қойылды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша 19 санитарлық бекет қойылғанын айтты.

Алматы, NEGE. "Ішкі істер министрлігі карантин және шектеу шараларын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Бас санитар дәрігерлердің қаулысына сәйкес, еліміз бойынша 15 санитарлық (Алматы облысы – 9, Қостанай облысы – 4 және Ақтөбе облысы – 2) және 4 блокбекет (Атырау облысы– 4) қойылған.

Карантин іс-шараларына 10 мыңнан аса  полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. 290 карантин нысаны бақылауда", - деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты